Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда "Қала күніне" орай қандай іс-шаралар өтеді

Опубликовано:

Тараз қаласы
Фото: gov.kz

Тараз қаласынының тұрғындары 2023 жылғы 11 қыркүйек пен 3 қазан аралығында "Қала күнін" атап өтеді. Осы орайда жоспарға сәйкес, қалада қандай іс-шаралар ұйымдастырылатыны белгілі болды.

Бекітілген жоспарға сәйкес Таразда «Қала күні» мерекесіне арналған мынадай ауқымды іс-шаралар өтеді:

  • 11-22 қыркүйек аралығында «Киелі Тараз» бейнеролик байқауы;
  • 15 қыркүйек күні «Тарих толқынында» қалалық квест ойыны;
  • 15 қыркүйек күні «Сағындырған әндер-ай» ретро фестиваль;
  • 16 қыркүйек күні ұлттық спорт түрі көкпардан жарыс;
  • 16 қыркүйек күні қала тұрғындары арасында бұқаралық велошеру;
  • 16 қыркүйек күні «Мен сияқты биле!» батл фестиваль;
  • 18-19 қыркүйек күндері «Тараздан тарту» мерекелік автокеруен (кеңес беру алаңы, кітап көрмесі, бұқаралық спорттық іс-шаралар, сауда-саттық, концерттік бағдарлама және т.б.);
  • 18-20 қыркүйек аралығында «Өнер көзі - халықта» фестиваль;
  • 20-30 қыркүйек аралығында «Туған жерім - Таразым» атты мерекелік іс-шара (ұлттық спорт түрлерінен асық ату, арқан тарту, қой көтеру, теңге ілу, қазақша күрес, және т.б. жарыстар ұйымдастыру, жеңімпаздарды марапаттау, концерттік бағдарлама және т.б.);
  • 20 қыркүйек күні «Әйелмен әлем әдемі» сұлулық фестивалі;
  • 20 қыркүйек күні «Тараз - тарихымыздың алтын діңгегі» балалар шығармашылық көрмесі;
  • 20 қыркүйек күні «Мейірімді қала жастары» мәдени іс-шара;
  • 20 қыркүйек күні «Тарихы терең Таразым!» этномәдени бірлестіктердің мерекелік концерттік бағдарламасы;
  • 20-21 қыркүйек күндері баскетболдан жастар арасында Тараз қаласының ашық чемпионаты;
  • 21 қыркүйек күні «Саналы Talks 2.0. Әлемді өзгертетін идеялар» интеллектуалды кеш;
  • 21 қыркүйек күні «Тараз - менің сүйікті қалам!» сурет көрмесі;
  • 21 қыркүйек күні «Тарихы тағылымға толы – Тараз» сурет салу байқауы;
  • 21 қыркүйек күні «Тараз - жастар қаласы» түрлі қалалық байқаулардың жеңімпаздарының қатысуымен қала тұрғындарына арналған кешкі мәдени іс-шара;
  • 22 қыркүйек күні «Туған өлкем, қандай көркем!» жас ақындар мүшәйрасы;
  • 23 қыркүйек күні «БиBattle» заманауи би фестивалі;
  • 24-30 қыркүйек аралығында «Тараз тарихының шежірелі деректері» әдеби круиз;
  • 24 қыркүйек күні қала тұрғындары арасында «Тараз – спорттық қала!» күзгі кросс;
  • 25 қыркүйек күні «КөрпеFest» байқауы;
  • 25-30 қыркүйек аралығында «Тараз-менің сүйікті қалам!» тәрбие, сынып сағаттары;
  • 25 қыркүйек күні «Тарих астанасы – Тараз» тарихи танымдық сабақ;
  • 26-27 қыркүйек күндері «08 CITY» инновациялық жобалар байқауы;
  • 26 қыркүйек күні «Тараз – қолөнер шахары» көрме;
  • 26 қыркүйек күні «Дала көркі – менің Таразым» кітап көрмесі;
  • 27 қыркүйек күні «Тараз дауысы» ән байқауы;
  • 27 қыркүйек күні Ассамблея жастары мен этномәдени бірлестіктердің қатысуымен флеш-моб;
  • 28 қыркүйек күні «Менің жеңісім - сенің жеңісің, сүйікті қалам!» жеңіл атлетикадан спартакиада;
  • 28 қыркүйек күні «Тараз өткені мен бүгіні» қалалық ғылыми конференция;
  • 28 қыркүйек күні «Тараз – тарих толқынында!» республикалық фото байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі;
  • 29 қыркүйек күні «Киіз Fest» фестивалі;
  • 29 қыркүйек күні кіші футболдан қыздар арасында жарыс;
  • 30 қыркүйек күні төмендетілген бағада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі және қолөнершілер мен мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алған кәсіпкерлердің бұйымдарының көрмесі;
  • 30 қыркүйек күні 2 жасанды төсеніші бар кіші футбол алаңшаларының ашылуы;
  • 30 қыркүйек күні «Сүйікті қалам – Тараз!» эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік мәдени-көпшілік іс-шара;
  • 2 қазан күні «Сүйікті қалам Таразым!» қала әкімінің кубогіне жайдарман ойыны;
  • 3 қазан күні қала әкімінің кубогіне республикалық жұлдызды футбол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036564-tarazda-qala-kunine-orai-qandai-is-saralar-otedi/

pixel