Боранбаев ісі: мұнай кеніші, қонақүйлер мен сауда орталығы Қазақстанның меншігіне қайтарылды
Жарияланған күні:
Қайрат Боранбаевқа қатысты тағы 90 миллиард теңгенің мүлкі, соның ішінде мұнай кеніші, қонақүйлер мен мейрамханалар мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram арнасында.
Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық мүлікті заңдастыруға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.
Тергеу шеңберінде жалпы құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданды.
Сондай-ақ Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды.
Осы объектілердің барлығы мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына беріліп, ал ақшалай қаражат білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін пайдаланылатын болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Боранбаев табиғи газ импорты кезінде қаражатты жымқыру эпизоды бойынша тергеу аясында 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеген болатын.
"Агенттік заңсыз активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036566-boranbaev-isi-munai-kenisi-qonaquiler-men-sauda-ortalygy-qazaqstannyn-mensigine-qaitaryldy/