Алматы тұрғыны әкімдік қызметкерлеріне автобуспен қатынауды немесе жаяу жүруді ұсынды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматы тұрғыны қала басшысы Ерболат Досаевтың Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде әкімдік қызметкерлеріне айына екі рет қоғамдық көлікпен қатынауды немесе жаяу жүруді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әкіммен кездесу барысында қала тұрғыны Алматы адамдар үшін қолайсыз, алайда көліктер үшін ыңғайлы қалаға айналып бара жатқанын айтты.
Осы орайда ол әкімдік қызметкерлеріне айына екі рет қоғамдық көлікпен қатынауды немесе жаяу жүруді ұсынды.
"Егер әкімдік қызметкерлері жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынаса немесе жаяу барса, бұл – таңғаларлық жағдай болар еді", - дейді ол.
Әкім тұрғынның бұл ұсынысына қатысты пікір білдірді.
"Әкімдікте жұмыс істейтіндердің 90 пайызы өздеріңіз секілді қарапайым азаматтар. Оларды қоғамдық көлікке көшіру үшін қандай да бір акция ұйымдастырудың қажеті жоқ, себебі олар онсыз да қоғамдық көлікпен, метромен және автобуспен қатынайды. Оларға ешқандай әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылмаған", - дейді Ерболат Досаев.
Айта кетейік, бүгінгі кездесуде Ерболат Досаев өзінің аппаратындағы кеңесшілер мен орынбасарлардың санын айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036603-almaty-turgyny-seneunikterge-avtobuspen-qatynaudy-nemese-zayau-zurudi-usyndy/