"Аппаратым соншалықты үлкен емес": Досаев орынбасарлары мен кеңесшілерінің санын айтты
Жарияланған күні:
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының халқымен кездесу барысында өзінің аппаратындағы кеңесшілер мен орынбасарлардың санын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Кездесуде қала тұрғынының әкімнің қабылдауына жазылудың қиындығы туралы сұрағына жауап берген Ерболат Досаев ай сайын жеке мәселелер бойынша тұрғындарды қабылдайтынын атап өтті.
"Сегіз аудан бар, тоқсан сайын осында боламын. Жұмыс сапарларым бар, әр ауданға барамын және адамдардың қалай өмір сүретінін шамамен білемін. Қалада халық көп. Менімен кездескісі келетін тұрғындарды әрине, қабылдаймыз.
Төрт қана орынбасарым, үш-ақ кеңесшім бар. Менің аппаратым соншалықты үлкен емес. Уақытты барынша тиімді пайдалануға тырысамыз", - дейді Алматы қаласының әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі кездесуде Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарының өтініші бойынша қаладағы 7 автобус бағыты өзгеретінін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036594-apparatym-sonsalyqty-ulken-emes-dosaev-orynbasarlary-men-kenessilerinin-sanyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.