Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жемқорлар тізімі жалпыға қолжетімді болады

Опубликовано:

Блакнотқа салынған ақша
Пара беру. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлардың жария тізімін енгізуді жоспарлап отыр. Тізімде жемқорлық үшін сотталған адамның барлық дерегі қамтылады, деп хабарлайды Антикор Telegram-дағы ресми арнасында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, бұл жұмыс берушілерге әлеуетті үміткерді тазалық пен адалдыққа тексеруге мүмкіндік береді.

Құзырлы орган мәліметінше, жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалар Шығыс Қазақстан облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында айтылған.

"Жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту ұсынылды. Сондай-ақ парламентте пара беру уәдесі мен ұсынысын криминализациялау мәселесі қаралуда.

Пара беру ұсынысы деп ауызша немесе жазбаша, оның ішінде электрондық нысанда пара беру туралы анық және түсінікті мәлімдемелерді айтсақ, ал пара беру уәдесісіне пара беру уақыты, орны, тәсілі туралы хабарламасы бар мәлімдемелер жатады", - делінген хабаламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпаратынша, заңдарға енгізілген бұл өзгерістер жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне елеулі үлес қосады. Сонымен қатар, олар ГРЕКО, ЭЫДҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдардың ұсынысы бойынша дайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036779-elimizde-zemqorlar-tizimi-zalpyga-qolzetimdi-bolady/

pixel