Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокурор Астанадағы Kaspi бөлімшесін басып алған азаматты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Жарияланған күні:

Айыпталушы
Айыпталушы. Фото: NUR.KZ / Алена Бутенко

Астанадағы Kaspi бөлімшесін басып алып, адамдарды кепілге алу ісі бойынша айыпталушы Әлихан Мурадовты прокурор 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Прокурор пікірталас кезінде жәбірленушілердің айғақтарын келтірді. Онда Мурадовтың кепілге алған қызметкерлердің өмірі 100 миллион теңге тұратынын айтқанын, "менде жоғалтатын ештеңе жоқ, өлтіремін, атып тастаймын" дегені жария етілді.

Прокурор мәлімдемесінде Мурадов қолында азот-термит бомбасы бар екенін айтып, зардап шеккендерді қорқытқатынын жеткізді.

Мемлекеттік айыптаушы сөзінше, жәбірленушілердің бірі 10 млн теңгенің қайырымдылық қорына аударылуы оның бойында агрессия тудырғанын айтқан.

"Ол бұдан ештеңе жоғалтпайтынын айтқан. Үш сағаттың ішінде ақшаны аударуды талап еткен. Егер ақша аударылмаса, мына жер жарылып кетуі мүмкін екенін айтқан", - деді прокурор.

Мемлекеттік айыптаушы соттан Мурадовты кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жазасын өтеу орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінде белгіленеді.

Жәбірленушілер прокурордың пікірімен келіскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036815-prokuror-astanadagy-kaspi-bolimsesin-basyp-algan-azamatty-8-zylga-bas-bostandygynan-aiyrudy-surady/