Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысында кірпіш зауыты іске қосылды

Опубликовано:

Ұлытау облысында кірпіш зауыты ашылды
Фото: Виктор Шавнев

Ұлытау облысында кірпіш зауыты ашылды. Өңірдегі алғашқы кірпіш зауыты Жезқазған қаласы маңындағы Талап ауылында орналасқан. Тәулігіне 60 000 қыш кірпіш шығаруға қауқарлы кәсіпорынды жеке кәсіпкер Телібай Бекмұратов ашып отыр. Жоба құны 500 млн теңгені құрайды.

Ұлытау облысына бұған дейін кірпіш өзге өңірлерден тасымалданған. Соған сай бағасы да қымбат болатын. Бұдан былай осы олқылықтың орны толатын болады. Зауыттың ашылуына облыс басшысы Берік Әбдіғалиұлы да қатысып, лентасын қиды.

Ұлытау облысында кірпіш зауыты ашылды
Фото: Виктор Шавнев

«Бұдан былай өңіріміздегі тұрғын үй құрылысы қарқынды дамиды деген үміттеміз. Себебі бұған дейін келген инвесторлар алдымен кірпіш зауыты туралы сұрайтын. Кірпіш өзімізде өндірілмегендіктен, құрылыс бастағылары келмейтін. Зауыттың ашылуына байланысты құрылыс жұмыстарын жүргізуге ниетті көптеген инвесторлар келе бастайтын болады», – деген облыс әкімі алдағы уақытта жақсы жаңалықтар жалғасын таба беретіндігін жеткізді.

Ұлытау облысында кірпіш зауыты ашылды
Фото: Виктор Шавнев

Зауыт жұмысы жартылай автоматтандырылған. Бүгінде 60 адам екі ауысыммен еңбек етеді. Алдағы уақытта 120-150-ге дейін жұмыс орындары ашылатын болады. Зауыттың ашылуы нәтижесінде Талап ауылының тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылған. Олар 350 000-400 000 көлемінде жалақы алады.

Ұлытаулықтардың ықыласына бөленген зауыт иесі – Телібай Бекмұратов.

«Мен өзім Қызылорда қаласының тумасымын. Өзім Жезқазғандағы политехникалық институтта құрылысшы мамандығын оқыған едім. Менің құрылыс, соның ішінде кірпіш өндіру ісі бойынша 15 жылдай тәжірибем бар. Қызылорда-Жезқазған бағытындағы жол бойындағы Талап ауылына арнайы барып, топырағын тексеріп көрдім. Ауыл іргесіндегі топырақтан сапалы қыш кірпіш жасалатынын байқадым. Соған сай арнайы лицензия алдым. Зауытқа қажетті құрылғыларды Қытайдан алдырттым», – дейді ол.

Ұлытау облысында кірпіш зауыты ашылды
Фото: Виктор Шавнев

Зауыт иесінің айтуынша, келер жылы қосымша өндірістік кешен салынады. Сондай-ақ, толық автоматтандырылған режимде жұмыс істемек. Зауытта әзірге 3 млн кірпіш шығарылған. Алдағы уақытта еңбек өнімділігі 20 млн-ға дейін артады деп жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036821-ulytau-oblysynda-kirpis-zauyty-iske-qosyldy/

pixel