Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды

Жарияланған күні:

ҰҚК қызметкерлері күдіктімен
ҰҚК қызметкерлері күдіктімен. Фото: ҰҚК

9 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп, радикалды діни ұяшықтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰҚК ресми сайтына сілтеме жасап.

"Терроризмді насихаттау бойынша күдікпен 2 Қазақстанның азаматы ұсталды.

Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша экстремистік мағынадағы әдебиеттер мен басқа куәлік заттар тәркіленді", - делінген хабарламада.

ҰҚК мәліметінше, материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелген.

Құзырлы орган Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036866-aqtobede-terrorizmdi-nasixattady-degen-kudikpen-2-adam-ustaldy/