jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Астанада Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

Қызылорда обылысының ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі
Қызылорда обылысының ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі. Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Астанада 16-17 қыркүйек күндері Қызылорда облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімдігі хабарлады.

Жәрмеңкеде аймақта өндірілетін отандық өнімдерді қолдау мақсатында арнайы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр Елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтуде.

Жәрмеңкеде 60-қа жуық Сыр дихандары мен тауарөндірушілері 50 жүк автокөліктермен жалпы құны 200 млн теңгені құрайтын 500 тоннаға жуық өнімдер елордалық тұрғындарға ұсынылуда.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі
Қызылорда облысының ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі. Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Арқа төріндегі тұрғындарға 85 жылдық тарихы бар Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізілді.

Сырбойылықтар жәрмеңкеге 135 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет және 30 тоннаға жуық балық өнімдері, 30 тоннадай көкөніс пен жеміс-жидектер, 260 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 10 тоннадай сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық сөк, талқан және кондитер өнімдерін ұсынды.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі
Қызылорда облысының ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі. Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Арқа төріндегі тұрғындарға 85 жылдық тарихы бар Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізілді.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі
Қызылорда облысының ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі. Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Қызылорда облысының ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі
Қызылорда облысының ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі. Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Астанада Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.