Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірнеше жерден сынған": Шымкентте 2 жасар сәби қолын ет тартқышқа қысып алған

Опубликовано:

Ет тартқыш
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте қолын ет тартқышқа қысып алған 2 жасар сәби жансақтау бөліміне жатқызылған, деп хабарлайды қалалық ТЖД Instagram-дағы ресми парақшасында.

Ведомство мәліметінше, Қызыл Әскер трассалық медициналық-құтқару пунктіне 15 қыркүйекте сағат 21.37 минутта 103 қызметінен жазатайым оқиға туралы шақыру келіп түсті.

Оқиға орнына келген жедел әрекет ету бригадасы шамамен 2 жастағы баланың қолы электр ет тартқышта қысылап қалғанын анықтады.

ТЖД ақпаратынша, аға фельдшер Сабденов Сержан, фельдшер Нұрғали Ташкенбаев және құтқарушы Жанболат Омаров алғашқы медициналық көмек көрсетті.

"Оң қолдың бірнеше сынуы" диагнозы қойылған бала Абай ауылының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды, онда шұғыл әрекет ету бригадасы апаттық-құтқару жабдықтарын қолданып, баланың қолын босатты. Бұл кезде баланы наркозбен ұйықтатқан еді. Қазіргі таңда ол жансақтау бөліміне жатқызылған", -деп хабардар етті департаменттен.

Қалалық ТЖД ата-аналарға жас балаларға мұқият қарап, абай болуын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036872-birnese-zerden-syngan-symkentte-2-zasar-sabi-qolyn-et-tartqysqa-qysyp-algan/

pixel