jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қостанай облысында қырағы таксист зейнеткерді 8 млн теңгеге алдап-соққан алаяқтардың жолын кесті

    Такси
    Такси. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қостанай облысында полицейлер такси жүргізушісінің қырағылығының арқасында алаяқтықтың алдын алды, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram арнасында.

    Ведомствоның хабарлауынша, 14 қыркүйекте Лисаков қаласында такси жүргізушісі Серік Нағашыбаевқа бір мекенжайдан заттар салынған сөмкені алып, Рудныйға жеткізу қажет екенін айтқан әйелден өтініш түскен. Әйел жеткізу сомасын 8 мың теңге деп көрсеткен.

    Пакетті такси жүргізушісіне 80 жастағы зейнеткер берген. Ол қызының қиын жағдайға тап болғанын және тез арада заттарын жеткізу керектігін айтты.

    Дегенмен такси жүргізушісі жағдайдан күдіктеніп, полицияға хабарласқан.

    "Зейнеткер өзі шақырған такси арқылы алаяқтарға 3 миллион теңге аудармақ болған. Полиция қызметкерлері Диас Рахметов пен Ерқанат Рахимов қызының жағдайы жақсы екенін айтып, зейнеткерге ақшаны қайтарып берді", - делінген хабарламада.

    Қазіргі таңда полицейлер алаяқтық жасамақ болған адамдарды анықтау мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

    Өз кезегінде зейнеткердің қызы полиция қызметкерлері мен такси жүргізушісіне алғысын білдірді.

    Қостанай облысында қырағы таксист зейнеткерді 8 млн теңгеге алдап-соққан алаяқтардың жолын кесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.