jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Белдемшесінің астына қол салған": Семейде автобус жолаушысы студент қызға тиіскен (видео)

қоғамдық көлік1
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде семейлік студент түсірген видео жарияланды. Бойжеткен ер адамды видеоға түсіріп, оны өзіне тиісті деп айыптаған. Бұған қатысты Абай облысы полиция департаменті Telegram арнасында пікір білдірді.

Бейнежазба "Мой Семей" Instagram парақшасында жарияланған.

"Колледж студентіне орта жастағы ер адам тиіскен, белдемшесінің астына қол салған", - делінген жазбада.

Сондай-ақ қыздың айыптауынан кейін ер адам оның қолындағы телефонын тартып алып, автобус салонының еденіне лақтырып жіберген. Содан кейін ол қызбен бір аялдамадан түсіп, бір бағытқа қарай жүрген. Осы кезде болған жайттың куәсі болған жігіттердің бірі қауіпсідігі үшін қызды үйіне дейін апарып тастауды ұсынған.

Болған жайтқа қатысты Абай облысының полиция департаменті пікір білдірді.

"Әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында облыс орталығы тұрғынының өзіне автобуста тиіспек болған ер адамға қатысты жарияланымы анықталды.

Абай облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, ер адамның жеке басын анықтады. Ол қолға түсіп, Семей қаласының Орталық полиция бөліміне жеткізілген 35 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Ер адам ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (қоғамдық орындарда тиісу)", - делінген хабарламада.

"Белдемшесінің астына қол салған": Семейде автобус жолаушысы студент қызға тиіскен (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.