"Тұман, жаңбыр, екпінді жел": дүйсенбіде елімізде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер дүйсенбі, 18 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" ресми сайтына сілтеме жасап.
Метеорологтрдың мәліметінше, атмосфера фронтальды бөлімдерінің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі.
Мәселен, Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауса, еліміздің батысында қатты жаңбыр күтілуде.
Синоптиктер республика бойынша батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста - екпінді жел соғады деп болжады. Еліміздің батысы, солтүстігі, солтүстік-батысы, шығысы, орталығында тұман түсуі ықтимал.
Бұдан бөлек Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады.
Мамандар Жамбыл, Түркістан облыстарында өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертті.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде -1 градус үсік күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036951-tuman-zanbyr-ekpindi-zel-duisenbide-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/