Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарының 2,4 млн астам мұрағаттық карточкасы ашылады
Жарияланған күні:
Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясымен 1929-1956 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 млн астам мұрағат карточкаларының кұпиясы ашылады. Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасы Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Бүгінде 251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі Президент мұрағатына өткізілді, кейіннен олар мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады.
Жоспар бойынша 265 мың іс жыл соңына дейін сонда өткізіледі.
Айта кетейік, 311 мың адам мәжбүрлі, арнайы қоныс аударылғандар және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар қатарынан ақталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036971-elimizde-sayasi-qugyn-surgin-qurbandarynyn-24-millionnan-astam-muragattyq-kartalary-zariyalanady/