Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында ер адам полицейді үтікпен ұрып, білегін тістеп алды

Жарияланған күні:

Полицей. Көрнекі фото
Полицей. Көрнекі фото: СҚО ПД

Ақсу қаласының тұрғыны үйінде жанжал шығарған ұлының үстінен шағымданып, полицияға хабарласқан. Оқиға орнына келген учаскелік инспектор зорлық-зомбылыққа тап болған, атап айтқанда, полицейдің басын үтікпен ұрған, деп хабарлайды Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға 10 қыркүйек күні кешкі сағат 21.00-ден кейін болған. Полицейлердің айтуынша, Ақсу қаласының тұрғыны үйінде өзін агрессивті ұстаған. Оқиға орнына жеткен учаскелік полиция қызметкері заңды талап қоя бастағанда ер адам қарсылық көрсеткен.

"Ер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарын елемей, агрессивті әрекет етіп, полиция қызметкеріне қарсылық көрсетті. Ол үтікпен учаскелік полиция қызметкерінің басынан соғып, білегінен тістеп алды. Көмек көрсету үшін көрсетілген мекенжайға автопатруль жіберілді. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ер адам алкогольдік мас күйінде болды, осы жағдайды анықтау үшін құқық бұзушы полиция бөліміне жеткізілді", – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.

Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Осыған сәйкес, Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану - төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде (13,8 млн теңге) айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037001-pavlodar-oblysynda-er-adam-policeidi-utikpen-uryp-bilegin-tistep-aldy/