ШҚО-да орманда саңырауқұлақ теріп жүріп жоғалып кеткен зейнеткер табылды
Жарияланған күні:
ШҚО полицейлері орманда саңырақұлақ теріп жүріп жоғалып кеткен зейнеткерді іздеп тапты, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.
Жақында Полиция қызметкерлеріне Алтай ауданының полиция бөліміне қала тұрғыны жүгініп, оның 73 жастағы анасы шамамен 2 сағат бұрын орманда жоғалып кеткені туралы айтқан.
Белгілі болғандай, өтініш беруші әкесімен, анасымен және оның құрбысымен бірге айналма жолдың жанындағы орманға саңырауқұлақ іздеп келген. Саңырауқұлақтарды теріп болған соң, 2 сағаттан кейін олар көлікке оралған, ал анасы оралмаған. Осыдан кейін, өз беттерінше іздеп таба алмағаннан кейін, туыстары полицияға жүгінген.
Оқиға орнына сигнал алғаннан кейін тәртіп сақшылары еріктілерді, жергілікті тұрғындар мен ТЖД қызметкерлерін жұмылдыра отырып, дереу іздеуге кірісті.
Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде таңертең сағат 06.00 шамасында полиция қызметкері Фархат Кенжебеков әйелді ормандағы соқпақ жолмен өзіне қарай келе жатқан әйелдің сұлбасын көрген. Зейнеткер табылып, бірден радио эфирі арқылы хабарланды.
Зейнеткердің айтуынша, ол саңырауқұлақ жинау кезінде адасып кеткен, телефоны өзімен бірге болмаған және орманнан шығатын жолды табуға тырысқан, қараңғы түсіп кеткендіктен көмек күтуден басқа амалы қалмаған.
Қазір зейнеткердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037020-sqo-da-ormanda-sanyrauqulaq-terip-zurip-zogalyp-ketken-zeinetker-tabyldy/