Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жалпы орта мектепке қабылдау ережесі өзгереді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Оқушылар
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бірінші сыныпқа баратын балалардың құжатын қабылдау мерзіміне өзгерістер енгізіледі. Осы және т.б. жалпы орта мектепке қабылдау бойынша енгізілетін өзгерістер "Ашық НҚА" порталында жарияланған бұйрық жобасында көрсетілген.

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Заң жобасының құжаты 19 қыркүйек күні жарияланған.

Ол 3 қазанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Жобада мынадай өзгерістерді енгізу ұсынылған:

Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының 1-сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап жүзеге асырылады. Оған қоса мерзім бойынша шектеу болмайды.

Алайда бүгінде құжаттар 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында қабылдануда.

  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау осы қағидалардағы 2-қосымшаға сәйкес, "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай каникул кезеңінде (сот шешімін, басқа елді мекенге немесе бір елді мекен ішінде көшуді, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кетуді қоспағанда) портал арқылы жүзеге асырылады.
  • Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші (он екінші) сыныптарына білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып және білім алушының жеке өтінішінің не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішінің және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының негізінде жүзеге асырылады. Өтініштер күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін қабылданады. Алайда әзірге өтініштер күнтізбелік жылдың 15 тамызына дейін қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037223-qazaqstanda-zalpy-orta-mektepke-qabyldau-erezesi-ozgeredi/