Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлікке мінген жастар Үлкен Алматы айналма жолын жауып тастады (видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/kris__p__official

Әлеуметтік желіде Үлкен Алматы айналма көлік жолында түсірілген видео пайда болды. Видеода көлікке мінген жастардың кең жолда көлік қозғалысын бөгеп, жауып тастағанын көруге болады. Бейнежазба Алматы облыстық полиция департаментінің назарына ілікті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісіндегі kris__p__official парақшасында жарияланған видеода бірнеше көлік жол бойымен тізіліп, оны жауып тастағаны көрсетілген.

"ҮААКЖ. Қашан бітеді екен бұның бәрі? Сұмдық! Не деген адамдар", – деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Алматы облысының полиция департаменті видеоға назар аударған.

"Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов тәртіп бұзушыларды анықтау бойынша жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлеріне арнайы тапсырма берді.

Аталған шаралардың нәтижесі бойынша тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Өзге ақпарат қосымша беріледі", – делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037246-kolikke-mingen-zastar-ulken-almaty-ainalma-zolyn-zauyp-tastady-video/

pixel