Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде

Опубликовано:

Самат Әбіш
Самат Әбіш. Фото: ҰҚК-нің ресми сайтынан алынды

Еліміздің Бас прокуратурасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Бас прокуратура Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты "қаңтар оқиғалары" кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде", - делінген хабарламада.

Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты.

Қылмыстық процесуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сонымен қатар қадағалау ведомствосы Конституция нормаларына сәйкес заң мен сот алдында бәрі тең екенін атап өтті.

Тергеу қорытындысы бойынша заңды іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037253-qantar-oqigasy-samat-abiske-qatysty-tergeu-zurgizilude/

pixel