Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Air Astana Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: piqsels.com

Air Astana әуекомпаниясы Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы әуекомпаниясы Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Таулы Қарабақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты "Эйр Астана" әуекомпаниялары тобының Түркияға, Еуропаға және Израильге рейстері сол аумақты айналып өтіп жүзеге асырылуда. Әуекомпаниясы жағдайды жіті қадағалап, ұшу қауіпсіздігінің барлық шарасын қабылдауда", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Таулық Қарабақта антитеррорлық операциялар басталғанын хабарлады.

Бұл ретте, Әзербайжанның қорғаныс ведомствосы шара аясында тек заңды әскери нысандарды істен шығаруды көздеп отырғандарын атап өтті. Министрлік мәліметінше, бұл шарадан жергілікті тұрғындар зардап шекпейді, азаматтық инфрақұрылым нысандарына зақым келмейді.

Армения Сыртқы істер министрлігі бұған қатысты мәлімдеме жасап, әзербайжандық тараптың әрекетін сынға алды. Сондай-ақ ахуалға байланысты ел премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуге шақырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037270-air-astana-tauly-qarbaqtagy-zagdaiga-bailanysty-malimdeme-zasady/

pixel