Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте әкімдік қызметкері ұсталды

Опубликовано:

Құжаттарды тексеріп тұрған адам
Құжаттарды тексеріп тұрған адам. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғасы бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді. Аталған істі Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті тергеп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, күдікті өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып, қала аумағындағы көпқабатты үйлердің 150 ауласын абаттандыру бойынша сметалық құжаттамада жұмыстар мен материалдардың бағасын негізсіз жоғарылатқан.

Ол 700 млн теңгеден астам сомада аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Сот санкциясымен аталған азамат ұсталып, қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚМА Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын айтты.

Сондай-ақ агенттік өкілі Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037339-symkentte-akimdik-qyzmetkeri-ustaldy/

pixel