jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Қыз туса, екінші әйел қып, күйеуге берем": үш әйелі бар ер адамның сөзі көпшіліктің ашуын тудырды

    Көп әйелі бар ер адам
    Көп әйелі бар ер адам. Скриншот: "Қыздар-ай" бағдарламасы

    Әлеуметтік желіде үш әйелі бар ер адамның видеосы тарады. "Қыздар-ай" бағдарламасына келген ер адам үш әйелі барын және жұбайлары қыз туса, оларды тоқалдыққа беретінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Үш әйелім бар. Егер әйелден рұқсат сұрайтын болсам, онда несіне мен еркек боп отырмын? Олардың маған рұқсатының керегі не? Мен үшін мына үш қатын да аз. "Егер ер адам қаласа, үш-төрт әйел алуға қақылы" дейді. Әйелдің мағынасын білесіз бе, не ол?

    Әйелдер дандайсып, өзі шешім қабылдаса, рұқсатсыз кете беретін болса, ол әйелдің көп ақша табуының белгісі. Сен ұрыс-керіс шығарып жатқан жоқсың, бірақ амалыңмен білдіріп отырсың. Қойныңдағы қатыныңның не істеп жүргенін білмесең, не үшін ерсің? Әйел ер адамның қуанышы, рахаты, жеңілдігі үшін жаратылды. Өйткені, ризық-несібенің барлығы еркектің мойнында", - деді ер адам.

    Сонымен қатар ер адам қыздарын тоқалдыққа беретінін де айтты.

    "Мен әйелдеріме "Қыз тусаңдар, екінші, үшінші, төртінші әйел қылып күйеуге беремін" деймін. Бірінші қылып та бермеймін. 18 жасында байға беремін", - деді бағдарламаға келген ер адам.

    Ер адамның бұл сөзі желі қолданушыларының ашуына тиген.

    "Әйелді адам құрлы көрмейді", "Әйелдермен сөзге таласып отыр", "Тиран екені көрініп тұр", "Үш әйелді қалай бағып отыр?", "Осындай еркектен Құдай сақтасын", "Мұндай жардан бала туған әйелдерге обал", "Дінді былғап жүр ғой", - деп жазды желідегілер.

    "Қыз туса, екінші әйел қып, күйеуге берем": үш әйелі бар ер адамның сөзі көпшіліктің ашуын тудырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.