Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте танымал полицей Данияр Мейірханның орнын жаңа қызметкер алмастырды

Опубликовано:

Бақытқали Кенжебаев
Бақытқали Кенжебаев. Фото: instagram.com/police_shymkent

Шымкентте жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің командирі болып полиция полковнигі Бақытқали Кенжебаев тағайындалды. Бұл туралы Шымкент полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бұйрығымен жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің командирі болып полиция полковнигі Бақытқали Кенжебаев тағайындалған

Ол бұған дейін Түркістан облысының жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.

"Бақытқали Кенжебаевта қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мол тәжірибесі бар. Оңтүстік Қазақстан облысы патрульдік полкінің командирі болған", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Данияр Мейірхан атқарған болатын.

Жуырда бұрынғы полк командирі мен оның қарамағындағы бірқатар қызметкер қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Шымкент қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, "Антикор" қызметкерлері патрульдік полиция полкінің инспекторы 70 мың теңге көлемінде пара алғанын құжаттаған.

Кейін қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижелері тәртіптік комиссияда қаралды.

"Комиссия өз кезегінде патрульдік полиция полкінің командирін, оның екі орынбасарын, рота командирін, оның орынбасарын және взвод командирін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін қызметінен босату туралы шешім қабылдады", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген инспектор қызметінен босатылып, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037370-symkentte-tanymal-policei-daniyar-meiirxannyn-ornyn-zana-qyzmetker-almastyrdy/

pixel