Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Трендтің нүктесін қойды": бір минутта видео түсірген павлодарлық тәрбиешілер желіде жұлдыз болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Павлодарлық тәрбиешілер
Павлодарлық тәрбиешілер. Видеодан кадр: instagram.com/pavlodar_8_balabaqshasy

Желіде павлодарлық балабақша тәрбиешілері түсірген видео тез тарап, қызу талқыға түсті. Видео Instagram желісінде 7 қыркүйекте пайда болған еді, бүгінде қаралым саны 1,7 миллионнан асып, 46 мыңға жуық лайк жинаған. Мектепке дейінгі білім беретін мекеме басшысының сөзінше, олар жиі видео түсіріп, әлеуметтік желіде жариялайды. Бірақ мұндай танымалдылыққа ие болады деп күтпеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Павлодардағы №8 бөбекжай-балабақшасының Instagram парақшасындағы видео екі апта бұрын жарияланған. Видеода тәрбиешілер танымал би трендін қайталаған. Видео әлеуметтік желіде тез тарап, танымалдыққа ие болды.

"Апайлар трендтің нүктесін қойды", "Жарасымды. Кейде осылай демалып тұру керек", "Жарайсыңдар. Заманнан қалып жатқан жоқ, өткен заман қайтып оралмайды", "Біздің апайларымыз керемет", - деп жазады пікір білдірушілер.

Бөбекжай-балабақшаның басшысы олар жиі видео түсіретінін айтады. Оның сөзінше, мектепке дейінгі мекеменің тек Instagram желісінде емес, басқа да әлеуметтік желіде парақшасы бар және әрқайсын белсенді түрде жүргізеді. Әдетте, түсірілім барысына бүкіл тәрбиеші қатысады.

"Біз бұл трендті тәрбиешілер жиналысын өткізбес бұрын жаттығу ретінде түсірген едік. Жай түсірдік, ары кетсе бір минутты алған болар. Біз жиі видео түсіреміз, бірақ бұған дейін осынша көп қаралымды жинаған жоқпыз.

Көбіне жақсы пікірлер жазылады, ата-аналар риза, жұмысымызды көріп жүреді. Біз үнемі балалармен жұмыс істейміз. Түсінбейтіндер де бар, бірақ шамамен 90 пайызы жақсы пікірде", - дейді Павлодар қаласы №8 бөбекжай-балабақшаның меңгерушісі Маржангүл Жетпісқызы.

Оның айтуынша, арасында жағымсыз пікірлер де кездеседі, бірақ тәрбиешілер үшін ең бастысы - балалармен белсенді уақыт өткізу, оған қоса ата-аналар қызметкерлердің белсенді екеніне қуанышты және қолдау білдіреді.

Айта кетейік, бұл трендті алғаш рет бельгиялық Got Talent шоуына қатысқан ағайынды Калиндер бастаған еді. Ер адамдар аталған биді видеоға түсіріп, TikTok пен Instagram желісінде жариялайды. "LOOK AT ME" бейнебаяны 10 миллионға жуық қаралым жинаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037374-trendtin-nuktesin-qoidy-bir-minutta-video-tusirgen-pavlodarlyq-tarbiesiler-zelide-zuldyz-boldy/