Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында полицейлер жоғалған баланы кәріз құдығынан тауып, құтқарып алды

Опубликовано:

Кәріз құбыры
Кәріз құбыры. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысының полицейлері жоғалған 5 жасар баланы кәріз құдығынан тауып, аман-есен құтқарып қалды, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ ресми арнасы.

Ведомствоның мәліметінше, 19 қыркүйек күні сағат 17:48 шамасында полицияға Аққыстау ауылының 1993 жылы туған тұрғыны хабарласып, 20 минут бұрын үйінен 5 жасар ұлының жоғалып кеткені туралы хабарлаған.

Полиция дереу жедел-іздестіру жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

Полицейлер жасөспірім баланың дыбысын тұрғын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан байқап шығарып алуға талпынған.

Балаға қауіп төніп тұрғанын, уақыттың аздығын бірден байқаған полицей өзге әріптестерін де көмекке шақырған.

"Кәріз құдығының қақпағы тар болғандықтан бүлдіршіннің денесіне жарақат салмау үшін құтқарып алып шығу үшін 5 минуттай уақыт кетті. Баланың денсаулығы жақсы, дәрігерлер тексеруінен өтті", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037380-atyrau-oblysynda-policeiler-zogalgan-balany-kariz-qudygynan-tauyp-qutqaryp-aldy/

pixel