Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер Қазақстан мен Ресей арасындағы "қақтығыс" туралы фейк видеоның авторын ұстады

Опубликовано:

Әскери техника
Әскери техника. Видеодан кадр: YouTube / БАСЕ

Полиция Қостанай облысының шекарасындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы қақтығыс туралы фейк видеоның авторын ұстады. Бұл туралы Қостанай облысының полиция департаменті Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желіде Қостанай облысының шекарасындағы әскери қызметшілердің қақтығысы туралы видео жарияланды. Белгілі болғандай, бейнежазба жалған болып шықты.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қостанай қаласының 52 жастағы тұрғынын анықтап, ұстаған. Ол қасақана әрекет жасағанын айтып, кінәсін мойындады.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы (Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік барын айтып, азаматтарды ақпаратты таратпас бұрын оның шын, өтірігін тексеруге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037383-policeiler-qazaqstan-men-resei-arasyndagy-qaqtygys-turaly-feik-videonyn-avtoryn-ustady/

pixel