Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда кәсіпкерлерден ақша талап еткен қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Опубликовано:

ҰҚК қызметкерлері күдіктімен
ҰҚК қызметкерлері күдіктімен. Фото: ҰҚК

Маңғыстау облысында ҰҚК прокуратура және полиция органдарының атсалысуымен бопсалау, ауыр дене жарақатын салу, заңсыз қару сақтауға қатысы бар деген күдікпен қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

Құзырлы орган мәліметінше, күдікті топ 18 қыркүйекте ұсталды.

"Операция кезінде топтың көшбасшысы мен 3 мүшесі ұсталып, атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Қолда бар деректерге сай, олар физикалық түрде жәбір көрсету қаупімен, облыстық және халықаралық жолдарында жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерден ақшалай қаражаттар талап еткен", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, шабуылға тап болғандар анықталды. Олардың арасында лауазымдық міндеттерін атқарып жүрген Шекара қызметінің әскери қызметкері бар екені белгілі болды.

Құзырлы орган соттың санкциясымен құрықталған тұлғаларға қамауда ұстау түріндегі шарасы қолданылғанын, жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатқанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037387-mangystauda-kasipkerlerden-aqsa-talap-etken-qylmystyq-top-museleri-ustaldy/

pixel