jitsu gif branding logo appbranding logo app

Әлеуметтік желіде Тоқаевқа қатысты фейк жарнама тарады

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Әлеуметтік желіде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қарашығанақ мұнай" компаниясының директорымен бірлесіп іске қосқан платформаның жарнамасы таралуда. Stopfake.kz порталының хабарлауынша, бұл – фейк.

Порталдың жазуынша, жарнамада іске қосылған платформаға кез келген қазақстандық инвестиция сала алатыны, ал Қаржы министрлігі тұрақты төлемдер жасап тұруға кепілдік беретіні айтылған.

Порталдың ақпаратынша, мұның бәрі жалған. Себебі президенттің ресми сайтында аталған платформа туралы ақпарат жарияланбаған.

Сондай-ақ Қазақстанда "Қарашығанақ мұнай" деп аталатын компания тіркелмеген.

Порталдың дерегінше, Қарашығанақ кен орны Petroleum Operating B. V компаниясына тиесілі, ал қатысушылардың ішіне италиялық ENI, голландиялық Shell, америкалық Chevron және т.б. шетелдік компаниялар кіреді.

Сонымен қатар ақпаратты Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі де жоққа шығарған.

"Желіде Қазақстан Республикасы азаматтарының дивиденттер төленетін бір инвестициялық платформаға қатысуы туралы ақпарат тарады. Жарияланған жазбада премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың суреті тіркелген. Бұл ақпараттың Қаржы министрлігіне, сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа қатысы жоқ. Оны алаяқтар жасаған, бұл фейк ақпарат. Мұндай сілтемелер бойынша өтпеулеріңізді сұраймыз", – дейді министрлік өкілдері.

Әлеуметтік желіде Тоқаевқа қатысты фейк жарнама тарады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.