Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да ер адам кішкентай қызын терезеден лақтырамын деп жұртты дүрліктірді

Опубликовано:

Оқиға болған жатақхана
Оқиға болған жатақхана. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Петропавлда отбасылық жанжал кезінде кішкентай қызын терезеден лақтырамын деп қорқытқан 23 жастағы жігіт ұсталды. Бұл туралы Telegram-дағы ІІМ жаңалықтары ресми арнасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 20 қыркүйек күні сағат 17:49 шамасында Петропавл қаласының полиция басқармасына бес қабатты жатақхананың бірінің бөлмесінде төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген полицейлер бөлменің ішінен құлыпталғанын және ішінде "нәрестені терезеден лақтырып жіберемін" деп қорқытып жатқан ер адамның бар екенін анықтаған. Жатақхананың жанына учаскелік полиция инспекторлары, ТЖД, медицина қызметкерлері келген.

Осыдан кейін ТЖД қызметкері терезе арқылы пәтердің ішіне кірген. Ер адамды еденге құлатып, есікті ашқан соң ішке СҚО полиция департаменті ЖҚАЖ қызметкерлері кіріп, оны қолға түсірген.

Нәресте медицина қызметкерлеріне берілген. Алдын ала мәлімет бойынша 2023 жылы туған қыз бала зардап шекпеген.

Ведомство ақпаратынша, ұсталған азамат СҚО-ның 23 жастағы тұрғыны. Ол мас күйде болған. Өзімен бірге тұрып жатқан 21 жастағы әйелі екеуінің арасында жанжал туындап, ер адам ортақ кішкентай нәрестелерін терезеден лақтырамын деп қорқытқан.

Құзырлы орган қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаныны атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037506-sqo-da-er-adam-kiskentai-qyzyn-terezeden-laqtyramyn-dep-zurtty-durliktirdi/

pixel