jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматының орталығындағы даңғылдардың бірінде көлік қозғалысы қайта жанданды

Алматы көшелерінің бірі
Алматы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда жылу желілерінің жөндеу жұмыстары аяқталған соң Гагарин даңғылы бойында көлік қозғалысы қайта жанданды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Гагарин даңғылы бойындағы учаскеде жылу желілерін қайта қалпына келтіру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Жолға асфальт бетон төселіп, көлік қозғалысы қайта жанданды.

Ал Есқараев көшесінде құрылыс-монтаж жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Әкімдіктегілер жылу желісінің бұл учаскесі жылу маусымына дайындыққа әсер етпейтінін, қажетті құбыр Қожанов көшесінің бойымен өтетінін атап өтті. Жұмыстарды аяқтау қараша айына жоспарланған.

"Алматы жылу желілері" ЖШС 29 маусымда Қожанова көшесінен Гагарин даңғылындағы орталық жылу және электр тарату орталығына дейін, Ходжанова көшесінен Есқараев көшесіне қарай жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілгенін жеткізді

Алматының орталығындағы даңғылдардың бірінде көлік қозғалысы қайта жанданды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.