Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір жылдан астам уақыт іздеуде болған шетелдік азамат Талдықорғанда ұсталды

Опубликовано:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өзбекстанда ірі алаяқтық жасады деген күдікпен бір жылдан астам уақыт бойы іздестірілген ер адам Талдықорғанда ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Медиа-порталдың мәліметінше, Талдықорған қаласында облыстық полицияның жедел уәкілдері мемлекетаралық іздеуде жүрген 31 жастағы шетелдік азаматтың орналасқан жерін анықтады.

Басылымының жазуынша, ақпаратқа сәйкес Өзбекстанның тәртіп сақшылары бұл адамды ірі алаяқтық жасады деген күдікпен бір жылдан астам уақыт іздеген.

"Іздеуде жүрген адам “Іздестіру” жедел профилактикалық іс-шарасының аясында анықталып, облыс орталығындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде ұсталды. Қазір ол қамауда отыр. Оның ұсталғаны туралы ақпарат ҚР ішкі істер министрлігіне жолданды", – деп хабардар етті Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасының іздеу бөлімі.

Полиция мәлемітнше, тәртіп сақшылары іздеуде болған 5 күдіктіні ұстады. Оның ішінде көрші мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздеп жүрген 2 шетелдік азамат бар. Сонымен қатар, облыстың полицейлері хабар-ошарсыз кеткен 4 адамның орналасқан жерін анықтағанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037612-bir-zyldan-astam-uaqyt-izdeude-bolgan-seteldik-azamat-taldyqorganda-ustaldy/

pixel