"Тұман, жел": бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер жұма, 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, республикамыздың басым бөлігінде антициклон ықпалының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Тек шығыста, оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Атап айтқанда, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болуы ықтимал.
Синоптиктер республика бойынша екпінді жел, түнде және таңертең тұман түсетінін болжады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының шығысында түнде топырақ бетінде үсік күтіледі.
Бұдан бөлек мамандар Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Қарағанды, Ұлытау облысының оңтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады.
Мамандар Жамбыл облысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында өрт шығу қаупі жоғарғы екенін ескертті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037635-tuman-zel-bugin-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/