Анасын құтқармақ болған қыздар алаяққа 18 млн теңге берген: Көкшетауда 21 жастағы жігіт сотталды
Жарияланған күні:
Көкшетауда екі жас баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ананың қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп алған 21 жастағы қала тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ақмола облысы прокуратурасының ресми сайты.
Ведомствоның мәліметінше, айыпталушы адамдар тобымен жас қыздарға анасының жол көлік оқиғасына түскені жөнінде ойдан шығарылған оқиға туралы айтқан.
Олардың анасына қатысты мәселені шешемін деген сылтауымен қаскүнемдер зардап шегушінің 18 млн теңге сомасында пәтер сатып алуға жинақтаған ақшасын иемденген.
2023 жылғы 8 қыркүйекте сот 21 жастағы азаматты 5 жылға бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037704-anasyn-qutqarmaq-bolgan-qyzdar-alayaqqa-18-mln-tenge-bergen-koksetauda-21-zastagy-zigit-sottaldy/