jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Есірткі тасымалдады деген күдікпен 61 жастағы шетелдік азамат пойызда ұсталды

    Пойыз
    Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы-Ташкент пойызында есірткі контрабандасымен айналысты деген күдікпен ер адам ұсталды. Күдікті Хорватияның 61 жастағы азаматы болып шықты, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

    Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаевтың сөзінше, Қазақстанның көлік полицейлері ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, Алматы-Ташкент бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде қызметтік-іздестіру иті арқылы күдікке ілінген азаматты анықтады.

    Басылым мәліметінше, күдікті Хорватия Республикасының 61 жастағы азаматы болып шықты. Ұсталған азаматқа жеке тінту жүргізу кезінде марихуана және гашиш есірткі заттары табылып, тәркіленді.

    "Шетелдік есірткі заттарын сатып алғанын және оны жеке пайдалануы үшін сақтағанын түсіндірді. Аталған факті бойынша шетел азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабының 1-бөлігі (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев.

    Басылымының жазуынша, сот күдіктіге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.