Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте дәрігерлерге шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Опубликовано:

Оқиға болған жер
Оқиға болған сәт. Видеодан кадр: instagram.com/vrachi_shymkenta

Шымкентте дәрігерлерге шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Қазір бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы қалалық ПД Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Полиция департаменті мәліметінше, 20 қыркүйек күні кешке әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының 102 арнасына қаладағы медициналық мекемелердің бірінен шақырту келіп түскен.

Оқиға орнына барған полицейлер мекемеге жедел жәрдеммен жеткізілген науқас, оған алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде медқызметкерлерге шабуыл жасағанын анықтады.

"Құқықбұзушы ұсталды. Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша Қазақстан заңнамасы аясында тиісті шара қабылданады", - делінген ПД хабарламасында.

Айта кетейік, Шымкентте 20 қыркүйекте жедел жәрдем көлігімен гипербариялық оксигенация орталығына келген ер адамның дәрігерлерге шабуылдағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037715-symkentte-darigerlerge-sabuyl-zasagan-er-adam-ustaldy/

pixel