Атырауда балалар ауруханасының лифтінде 10 адам тұрып қалды
Жарияланған күні:
Атырау облыстық балалар ауруханасында 10 адам лифтіде тұрып қалған. Аурухананың баспасөз қызметі бұл жағдайды растады, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.
Басылым мәліметінше, лифттің көтере алатын жүктемесі тек 600 келі немесе 8 адам деген ескерту тұрғанына қарамастан, оған 10 адам мінген.
"Сағат 11:10-де күндізгі стационардың науқастары және олардың ата-аналары лифтке мінген. Лифттің көтере алатын жүктемесі тек 600 келі немесе 8 адам деген ескерту тұрғанына қарамастан, оған 10 адам мінген.
Оның үстіне, тек "Ауыр жағдайдағы науқастарға арналған" деген ескерту де болған. Аталған пациенттер мен олардың ата-анасы ондай науқас болмаған. Шамадан тыс жүктеме болып, 10 минуттан кейін техникалық ақау реттелді. Оқиғадан ешкім зақым алған жоқ", - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037818-atyrauda-balalar-auruxanasynyn-liftinde-10-adam/