Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда балалар ауруханасының лифтінде 10 адам тұрып қалды

Опубликовано:

Лифт батырмасы
Лифт батырмасы. Көрнекі фото: pexels.com

Атырау облыстық балалар ауруханасында 10 адам лифтіде тұрып қалған. Аурухананың баспасөз қызметі бұл жағдайды растады, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Басылым мәліметінше, лифттің көтере алатын жүктемесі тек 600 келі немесе 8 адам деген ескерту тұрғанына қарамастан, оған 10 адам мінген.

"Сағат 11:10-де күндізгі стационардың науқастары және олардың ата-аналары лифтке мінген. Лифттің көтере алатын жүктемесі тек 600 келі немесе 8 адам деген ескерту тұрғанына қарамастан, оған 10 адам мінген.

Оның үстіне, тек "Ауыр жағдайдағы науқастарға арналған" деген ескерту де болған.  Аталған пациенттер мен олардың ата-анасы ондай науқас болмаған. Шамадан тыс жүктеме болып, 10 минуттан кейін техникалық ақау реттелді. Оқиғадан ешкім зақым алған жоқ", - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037818-atyrauda-balalar-auruxanasynyn-liftinde-10-adam/

pixel