Бүгін ел мегаполистерінің бірінде +26 градусқа дейін жылы болады деп күтілуде
Жарияланған күні:
Синоптиктер жексенбі, 24 қыркүйекте ел мегаполистерінде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +18…+20 градусқа дейін көтерілсе, түнде +6…+8 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3-8 м/с.
Астанада да бүгін жауын-шашынсыз, күн ашық болмақ. Күндіз термометр бағаны +16…+18 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы +5…+7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7-12 м/с.
Ал еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкентте бүгін +24…+26 градусқа дейін жылы болады деп күтілуде. Алайда түнде ауа температурасы +10…+12 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с деңгейінде болады.
Айта кетейік, бұған дейін метеорологтар ел өңірлерінде жексенбіде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037845-bugin-el-megapolisterinin-birinde-26-gradusqa-deiin-zyly-bolady-dep-kutilude/