jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Үсік жүреді": жексенбі күні еліміздің өңірлерінде ауа райы қандай болады

үсік жүреді
Үсік. Көрнекі фото: tolqyn.kz

Синоптиктер жексенбі, яғни 24 қыркүйек күні еліміздің өңірлерінде ауа райы қандай болатынын болжады. "Қазгидромет" мәліметінше, еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мамандар мәліметінше, антициклонның әсерінен Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа-райы сақталады. Таулы аймақтарда жауын-шашын, жылбысқы қар күтіледі. Республика бойынша екпінді жел, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Абай облысының батысында, Қарағанды облысының шығысында түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде және шығысында, Қостанай облысының солтүстігі мен батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде топырақ бетінде 1-2 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының орталығы мен шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталуда.

Жамбыл облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.