"Ертіс орманы" РММ-де ауқымды операция жүргізілді
Жарияланған күні:
Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Ертіс орманы" ерекше қорғалатын аумағынан ағаштарды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпараттық медиа-порталды жазуынша, 18 қыркүйекте облыстық прокуратураның үйлестіруімен "Ертіс орманы" резерваты бойынша ауқымды операция жүргізілген.
Полиция қызметкерлері "Ертіс орманы" РММ-де, Шалдай және Бесқарағай орманшылығында, сондай-ақ бірқатар басшының тұрғылықты жерлері бойынша 20-ға жуық санкцияланған тінту іс-шараларын жүргізген.
Тінту кезінде құжаттамадан басқа, атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.
Басылым қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, болжам бойынша ағаштарды заңсыз кесуге "Ертіс орманы" РММ-нің лауазымды тұлғаларының қатысы болуы мүмкін екенін атап өтті.
Басылым ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайтынын мәлім етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037925-ertis-ormany-rmm-de-auqymdy-operaciya-zurgizildi/