Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ДАИШ" құрамында болған": Ұлытау облысында терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам сотталды

Опубликовано:

Сот үкімі
Сот. Көрнекі фото: pexels.com

Ұлытау облысында "ДАИШ" (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болған өңір тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы ҰҚК ресми сайтында хабарлады.

Ведомства мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлытау өңірі тұрғындарының біріне қатысты терроризмді насихаттау, діни алауыздықты қоздыру және лаңкестік топтың әрекетіне қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтаған.

Сәтбаев аудандық соты ер адамды аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырған.

ҰҚК ақпаратынша, тергеу барысында сотталушының 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда "ДАИШ" (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғаны анықталған.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жері анықталып, содан соң шетелдік серіктестердің көмегімен оны ұстауға және 2023 жылдың маусым айында ҰҚК жасағымен Қазақстанға жеткізілуіне мүмкіндік туды", - делінген хабарламада.

2023 жылғы 22 қыркүйекте сот үкімі заңды күшіне енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037978-dais-quramynda-bolgan-ulytau-oblysynda-terrorizmdi-nasixattagan-dep-aiyptalgan-er-adam-sottaldy/

pixel