Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлікті мас күйде басқарған мәслихат депутаты Сәния Мұратованың өкілеттігі тоқтатылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сәния Мұратова
Сәния Мұратова. Фото: gov.kz

Lexus көлігін мас күйінде басқарғаны белгілі болғаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Сәния Мұратованың өкілеттігі тоқтатылды. Сонымен қатар ол 6 айға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін әкімшілік сотта Lexus көлігін мас күйінде жүргізді деп айыпталған Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Сәния Мұратоваға қатысты істің бірі қаралды.

Ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 596-бабы "Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу" бойынша жауапкершілікке тартылды.

Lexus мінген депутат Ақтөбедегі даңғылдың бірінде қарсы бетке шығып кеткен. Сәния Мұратованың өзі белгісіз себептермен сотқа келмеді.

Судья істі оның қатысуынсыз қарап, депутаттың көлігін тоқтатқан полиция қызметкерінен жауап алды. Нәтижесінде ол 6 айға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Енді көлікті мас күйінде басқарған деген дерек бойынша іс қаралады, сотта Сания Мұратованың өзі болуы керек. Өйткені баптың санкциясында әкімшілік қамауға алу қарастырылған.

Сотқа дейін Сәния Мұратова депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы арыз жазған. Бүгін әріптестерінің бұл мәселе бойынша қандай шешім қабылдағаны белгілі болды.

"Ақтөбе қаласының аумақтық сайлау комиссиясының Мұратованың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысы сессия отырысында қаралып, қорытындысында депутаттар оны қолдап, өкілеттігін тоқтатты", - деп хабарлады қалалық мәслихаттан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038047-kolikti-mas-kuide-basqargan-maslixat-deputaty-saniya-muratovanyn-okilettigi-toqtatyldy/