Алматыда 19 жастағы жігіт төрт жасар баланы өлтірді деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматыда бала өлтірді деген күдікпен 19 жастағы жігіт ұсталды. Жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
4 жасар баланың қаза тапқаны туралы туралы ақпаратты НеМолчи.Kz қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, анасының сүйіктісі баланы ұрған.
Белгілі болғандай, бала ауруханаға бірнеше күн бұрын түскен, өкінішке қарай көз жұмған.
Қалалық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне бұл фактінің Наурызбай аудандық ішкі істер бөлімінде тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатқанын айтты.
Полиция осы қылмысты жасады деген күдікпен 2004 жылы туған азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
"Бұл қылмыстық істің тергеу барысын Алматы қалалық полиция департаменті басшылығы ерекше бақылауға алды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038065-almatyda-19-zastagy-zigit-tort-zasar-balany-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/