Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдіктерге Қазақстанда тұруға рұқсат беру ережелеріне өзгеріс енгізу жоспарлануда

Опубликовано:

Турист
Турист. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларына өзгеріс енгізілуі мүмкін. Тиісті бұйрықтың құжаты "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

Құжатта жазылған дерекке сай, УТР, яғни шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсат алу үшін қабылдаушы (шақырушы) адамның нотариалды куәландырылған сенімхатына сәйкес сенім білдірілген тұлғаның немесе заңды тұлғаның бұйрығы бойынша өкілеттіктерде көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға жеке қатысуы қажет.

"16 жасқа толған, еліне орала алатындай азаматтығы туралы паспорт немесе куәлік алған иммигранттарға УТР беру үшін аталған қызметті алушылар кәмелетке толған не көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап, күнтізбелік 10 күн ішінде тиісті қызметті берушіге жүгінеді", – деп жазылған бұйрық құжатында.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы ХҚКО ИАЖ-ға өтінімді рәсімдей алады.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қызмет алушының елге келу мақсатына қарай ЖСН немесе БСН енгізеді. Уақытша тұру рұқсатын беру кезінде елге келушінің биометриялық және фото сәйкестендіруі жүргізіледі, оған қоса қызмет алушы сәйкестендіруден бас тартқан жағдайда ол журналға тіркеледі, кейін елге келуші сапардың мақсаты мен өтініш түрін таңдайды, заңда белгіленген елде болу мерзімін енгізеді.

Сондай-ақ мемлекеттік корпорацияның қызметкері азаматтығы бар елдің деректері мен паспорттың қолданылу мерзімі сәйкес болса, шетел азаматының мәліметтерін деректер базасына сақтап, жазып қояды.

Одан кейін қызметті алушы тұрғын үй иесі болып табылмайтын жағдайларда жылжымайтын мүлікті тіркеудің мемлекеттік дерекқоры арқылы мәлімделген мекенжайдың сәйкестігін растайды, көшіп келушілердің тұруына нотариалды куәландырылған келісімді сұратады.

Бұйрық жобасы құжатының дерегінше, келушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызметкер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен (ХҚКО ИАЖ интеграциясы болған кезде) барлық қажетті мәліметті пайдалана алады. Содан соң ХҚКО ИАЖ-ға электрондық көшірмелерін қоса береді және тиісті шешімді қарастырып, қабылдау үшін қызметті алушыға жібереді.

Аталған бұйрық жобасы 9 қазанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038070-seteldikterge-qazaqstanda-turuga-ruqsat-beru-erezelerine-ozgeris-engizu-zosparlanuda/

pixel