jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттеріндегі кептеліс жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Көлік кептелісі
Көлік кептелісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде және мессенджерлерде Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінде автокөлік кептелісі орын алғаны туралы ақпарат таралып жатыр. ҰҚК баспасөз қызметінде бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті Telegram-дағы ресми арнасында.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік желіде және мессенджерлерде Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінде, соның ішінде Атырау облысындағы "Құрманғазы" өткізу пунктінде автокөлік кептелісі орын алғаны туралы ақпарат таралуда.

Дегенмен Қазақстан-Ресей шекарасының көрсетілген учаскесінде автокөлік құралдарының кептелісі тіркелмеген.

ҰҚК мәліметінше, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, қандай да бір шектеу шаралары енгізілмеген.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінде тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратпауға шақырады.

ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттеріндегі кептеліс жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.