jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Бүгін елдегі ірі қалалардың бірінде күн 28 градусқа дейін ысуы мүмкін

Күз
Көрнекі фото: pixabay.com

Сейсенбі, 26 қыркүйекте Қазақстанның үш ірі қаласы - Астана, Алматы мен Шымкентте күн ашық болады деп күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Астанада күн ашық, ауа температурасы күндіз 19-21 градус жылы болады. Түнде сынап бағанасы 8-10 градус жылыны көрсетеді. Сондай-ақ секундына 3-8 метрге дейін жел соғуы мүмкін.

Алматыда сейсенбіде күн ашық, 19-21 градус жылы болмақ. Түнде қалада термометрлер 10-12 градусқа дейін түседі. Жел 0-5 м/с жылдамдықпен соғады.

Шымкентте 26 қыркүйекте күн ашық әрі ыстық болады. Күндіз ауа температурасы 26-28 градусқа дейін көтерілсе, түнде 12-14 градус жылы болады деп болжанады. Үшінші мегаполисте жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы 8-13 м/с жетеді.

Бүгін елдегі ірі қалалардың бірінде күн 28 градусқа дейін ысуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.