Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтар пара туралы ақпарат бергені үшін 13,8 млн теңгеге дейін сыйақы ала алады

Опубликовано:

Пара беру
Пара беру. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов пара туралы хабарлағаны үшін алматылықтар қанша сыйақы алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Арман Рахымов ӨКҚ өткен брифингте бұрын тұрғындар өзінен пара алу фактілерін жиі мәлімдесе, енді мемлекеттік қызметшілер өздеріне ұсынылған сыйақы туралы хабарды жиі беріп жатқанын айтты.

"Өткен жылы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары туралы хабарлаған 13 азаматқа 2,6 млн теңге көлемінде сыйақы берілсе, биыл үш азаматқа 520 мың теңге көлемінде сыйақы берілді", - деді басқарма басшысы.

Ол жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты сыйақының мөлшері өзгеретінін атап өтті. Осылайша, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін мұндай фактіні хабарлағандар 100 АЕК-ке дейін (345 000 теңге) ала алады.

"Параның мөлшеріне қарай дәйектелім бар. Егер келтірілген зиянның мөлшері 1000 АЕК-тен асса, сыйақы келтірілген шығынның 10 пайызын құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен (13 800 000 теңге) аспауы керек.

Сыйақы алудың міндетті шарты - бұл факті расталды және ол соттың заңды күшіне енген үкімімен немесе әкімшілік материал бойынша қаулымен немесе іс оңалтуға жатпайтын себептермен тоқтатылған жағдайда расталады",- деді Рахимов.

Ол сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тап болған азаматтар 1424 нөмірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің call-орталығына жүгіне алатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038173-almatylyqtar-para-turaly-aqparat-bergeni-usin-138-mln-tengege-deiin-tabys-taba-alady/

pixel