Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шотынан 2 млн теңге шығарған: Алматыда жас жігіт тұрғынның смартфонын тартып алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Смартфон
Ұялы телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда ер адам қарақшылық шабуылдың құрбаны болды. Оны ұрып, ұялы телефонын тартып алып, кейін есепшотынан 2 млн теңгеге жуық ақшасын шығарып алған. Бұл туралы ІІМ-нің ресми Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.

"Түн ортасы шамасында Айнабұлақ ықшам ауданында бір жас жігіт жол-жөнекей өтіп бара жатқан адамды кездестіргені анықталды. Ол жігіттің басында қылмыс жоспары бірден пісіп-жетілді: өтіп бара жатқан адамды қағып, телефонын алып кеткен. Сосын банктердің бірінің қосымшасында қомақты соманы көрген ол шотынан шамамен 2 млн теңге шығарып алған", - деп хабарлады Жетісу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Жәнібек Шынасылов.

Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады.

Күдікті Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Ол өз қылмысын толықтай мойындады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ полицейлер күдіктінің жеке басын, бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038181-sotynan-2-mln-tenge-sygargan-almatyda-zas-zigit-turgynnyn-smartfonyn-tartyp-aldy-degen-kudikke-ilindi/

pixel