Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләззат Ибрагимова "Отбасы банк" қызметкерлерінің айлығы қанша екенін айтты

Жарияланған күні:

Оралған қағаз ақша
Оралған қағаз ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова қоластындағы банк қызметкерлерінің айына қанша жалақы алатынын және қай бөлімде айлық жоғары екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ләззат Ибрагимованың айтуынша, "Отбасы банктегі" айлық мөлшері өзге екінші деңгейдегі банктердің орташа нарықтық айлығынан төмен.

"Сондықтан еңбек нарығындағы бәсеке өте күрделі. Әсіресе, ІТ салада қиын. Өзінің мобильдік қосымшаларын дамытып жатқан банктер өте икемді саясат ұстанып отыр. Олар тұтас командаларға бюджет бөліп, ақша бере алады. Біз квазимемлекеттік сектор қызметкері болғандықтан, еңбекке ақы төлеудің белгілі бір ережесі бар. Бұл тұрғыда ешқандай жаңашылдыққа бара алмаймыз", - дейді ол.

Ләззат Ибрагимованың сөзінше, "Отбасы банкте" тек ай сайынғы айлық пен тоқсандық сыйақылар ғана бар, сондықтан бәсекелесу өте қиын.

"Филиалдар бойынша айтсақ, орташа айлық 300 мың теңгеден басталып 400 мың теңгеге дейін жетеді. Қызметкерлердің 80 пайызы осындай айлық алады. Орталық аппаратта бұдан көбірек. Оның өзінде бәрі блоктарға байланысты. ІТ-блокта айлық жоғары. Кеңседегі жұмысшылар, бухгалтерия, операциялық бөлім сәл төмен алады", - дейді басқарма төрағасы мәжілістегі отырыстан кейін.

Сонымен қатар "Отбасы банк" төрағасы қызметкерлерге берілетін сыйақы көлемі туралы да айтқан.

Оның мәліметінше, жалпы әкімшілік шығындардан, сыйақыларға соның 30 пайызынан аспайтын үлесі жұмсалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038248-lazzat-ibragimova-otbasy-bank-qyzmetkerlerinin-ailygy-qansa-ekenin-aitty/