Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға қайтадан SOS батырмасы орнатылмаған көліктерді кіргізу жоспарлануда

Опубликовано:

Көлік ішіндегі SOS батырмасы
SOS батырмасы. Көрнекі фото: Lanski/Getty Images

Қазақстанда 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен немесе жүйелерімен (SOS батырмасымен) жарақтандырылмаған көліктерді кіргізуге рұқсат беруі мүмкін, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі ресми сайтында.

Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, 26 қыркүйекте Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінің отырысында отандық және шетелдік автокөлік өндірушілері дистрибьюторларының құқығын қорғау мақсатында Қазақстанға 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін жедел қызмет шақыру құрылғыларымен немесе жүйелерімен (SOS батырмасымен) жабдықталмаған автокөліктерді кіргізуге рұқсат беру мәселесі талқыланды.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарған қазақстандық тараптың бұл ұсынысымен ЕАЭО-ға қатысушы барлық ел келіскен.

Тиісті өзгерістер Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы шешіміне енгізіледі. Осылайша отандық және шетелдік көлік құралдарын өндірушілердің ресми өкілдері 2027 жылдың аяғына дейін жедел қызмет шақыру құрылғыларымен жабдықталуын бағалауды жүзеге асырып, N және M (жүк және жолаушы) көлік құралдарын айналымға шығара алады.

Министрліктің мәліметінше, бұл шешім Қазақстанның автокөлік өнеркәсібінің дамуына үлесін қосады. Оған қоса көлік құралдарының модельдік желісін кеңейтуге және Қазақстан нарығына жаңа брендтердің әкелінуіне ықпал етеді.

Сондай-ақ министрлікте ЕАЭО-ға қатысушы елдерінің аумағына әкелінетін Т және М санатындағы жеке автокөлікті жедел қызмет шақыру құрылғыларымен (SOS батырмасымен) қамтамасыз ету жөніндегі талаптар Кеден одағының техникалық регламентінде айқындалғанын атап өтті.

Бұдан бұрын 2024 жылғы 1 ақпанға дейін ЕАЭО-ға қатысушы елдердің осы санаттағы көлік құралдарының ресми импорттаушылары мен өндірушілері аталған міндеттемелерден босатылған еді.

Алайда бұл мерзімнің ұзаруы аталған санаттағы көліктерді өз қажеттілігі үшін сатып алған азаматтарға қатысы болмаған. Олар үшін биылғы жылдың 1 ақпанына дейін өтпелі кезең қарастырылған болатын.

Биыл ақпан айында ЕЭК кеңесі кезекті онлайн отырысында жеке тұлғаларды көліктеріне SOS батырмасын орнатуды міндеттеу талабын енгізу мерзімін 1 жылға шегерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038256-qazaqstanga-qaitadan-sos-batyrmasy-ornatylmagan-kolikterdi-kirgizu-zosparlanuda/

pixel